Медиация – сыйластықты сақтауға берілген мүмкіндік

Медиацияның тиімді, ыңғайлы екеніне көз жеткізу қиын емес. Ол үшін
алысқа бармай-ақ дамыған мемлекеттердің құқықтық салада жеткен
жетістіктеріне, заңдарды қолданудағы тәжірибесіне үңілсек жеткілікті.
Медиация институты ерекше дамыған елдерде дауларды соттың
қарауына ұсынбас бұрын медиаторлардың сүзгісінен өткізіп, таразына салу
дағдысы қалыптасқан. Соның арқасында бүгінгі күнге дейін бұл елдерде
мықты, сауатты медиаторлардың үлкен шоғыры қалыптасқан. Тараптар
дауды медиаторлар шешпеген жағдайда ғана сотқа жүгінетіндерін жақсы
біледі.

Ал біздің елімізде азаматтардың бәрі бірдей дауды медиациямен
реттеуге, медиаторлар көмегіне жүгінуге ынталы емес. Тіпті кейбір тараптар
судьяның бейбіт келісімге келу туралы ұсынысын «жүктемені азайту,
жұмысын жеңілдету» мақсатында жасалған қадам деп қате түсініп жатады.
Сондықтан, медиаия институтының артықшылықтары туралы жан-жақты
ақпарат беріп, дауды ортақ келісіммен шешкен азаматтарды сөйлету арқылы
бұл институттың маңызын насихаттау пайдалы.
Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі өлшеусіз.
Соның ішінде әлеуметтік желілердің де ықпалын атап өту керек. Өйткені
бүгінде азаматтардың көпшілігі ақпаратты БАҚ-пен қоса әлеуметтік желідегі
хабарламалардан алады. Міне соған орай өңірлік соттар ғана емес, судьялар
да әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, халыққа құқықтық кеңес
беруде, заңдарға байланысты туындайтын сауалдарға тыңғылықты түсінік
беруде белсенділік танытып жүр. Осы парақшаларды үнемі қадағалап, жіті
бақылап жүрген жандар медиацияға байланысты мол ақпарат табары анық.
Өйткені медиация туралы заңмен тікелей жұмыс істеп, оны дауларда
қолданатындықтан судьялардың ұсынған ақпараты шынайы, мәліметке бай,
тағылымдық жағы жоғары болары анық. Бұл өз кезегінде халықтың
бітімгершілік институты туралы түсінігін өзгертіп, мәселесін медиациямен
бітіруге тырысатындар қатарын көбейтер еді.
Соттың мақсаты – жазалау емес, қос тарапты да қанағаттандыратын бір
шешім табу. Осы ретте ақпараттандыру, заңды түсіндіру, медиацияның
пайдасын ұғындырудың азаматтарға дұрыс жол көрсетіп, сотта өз мүддесін
мінсіз қорғауына ықпалын тигізетінін ескерген дұрыс.
Г.Бейсенова,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...