12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация халыққа қызмет етеді

Медиаторлар – дауды бейбіт шешуші, екі тарапты татуластырушы.
Медиаторлар шоғырының қалыптасып, оларды танытуда, біліктілігін
көтеруде сот тарапынан аз жұмыс жасалған жоқ. 2011 жылы «Медиация
туралы» заң қабылданғанда халық медиацияның не екенін, медиаторлардың
немен айналысатынын білмеді. Ол туралы тіпті түсінік болмады.
Міне осы сәтте Жоғарғы Соттың бастамасымен «Медиация туралы»
заңның артықшылығын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Бұл іс-шараға республиканың судьялар корпусы тұтастай атсалысты.
Облыстық, қалалық, аудандық соттар өз ғимараттарынан арнайы бөлме
ашып, медиаторлардың қызметке кірісуіне қолдау білдірді. Арнайы бөлме
бөлуге мүмкіндік болмаған соттарда медиация бұрыштары жасақталды.
Заңның негізгі баптары, медиаторлардың мүмкіндігі туралы жазылған
ақпараттар сот ғимаратының көрнекі жерлеріне ілінді. Сонымен бірге, әрбір
сот медиаторлар тізімін жасап, олардың танылуына ықпал етті.
Соттар өңірлердегі белгілі, сөзі өтімді, ел сыйлайтын азаматтар
арасынан кәсіби емес медиаторлар легін қалыптастыруға белсенді қызмет
етті. Соның арқасында аудандарда ақсақалдар алқасы, Билер кеңесі тұрақты
жұмыс істеп келеді.
Соттардың ұйытқы болуымен көптеген меморандумдарға қол қойылды.
Осылайша медиацияны насихаттау, медиаторлар жұмысын жандандыру ісіне
әкімдіктер, ассамблея, кәсіподақ ұйымдары, кәсіпкерлер палатасы тартылды.
Мұның барлығы бітімгершілік институтының жандануына көмектесті.
Сауатты жоспар, кешенді шаралардың нәтижесінде медиацияның қолдану
аясын кеңейтуге қатысты заңнамалық өзгерістер орын алып, тың жобалар
көпшілікке жол тартты. Соның бірі Жоғарғы Соттың бастамашылығымен
тәжірибеге енгізілген «Татуластыру: Сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы.
Бұл жоба «Сот төрелігінің жеті түйіні» деп аталатын кең ауқымды
бағдарламаның бір бөлігі болатын.
Медиацияны бұдан кейін де жандандыру шін насихат жұмыстары бір
сәт те бесеңдемеуі керек. Әсіресе, медиаторлардың жұмысы туралы кең
көлемді ақпарат беріп, жанашырлық тұрғымынан жарнамалап отыру
артықтық етпейді. Өйткені мұндай істің артында медиаторлардан бұрын
тараптарға деген жанашырлықтың жататына анық. Медиацияда ең алдымен
тараптарды татуластыру, сол арқылы азаматтардың уақыты мен қаржысын
үнемдеу, жол әуресінен құтқару, жүйкесін сақтау, жұмысындағы
берекесіздіктен құтқару сынды ізгі мақсаттар тұрады.
Сондықтан медиация сотқа дейінгі тәртіпте және сот үдерісінде
азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын
дауларда (шиеленістерде); жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер
бойынша қылмыстық сот ісі барысында қарастырылатын дауларда
қолданылатынын ұмытпауымыз керек.
Медиация барысында тараптар мен медиатор басшылыққа алатын
қағидалар бар. Оның біріншісі – еріктілік. Тараптардың және медиатордың
өзара ерікті еркін білдіруі медиация үдерісіне қатысудың шарты болып
табылады.
Екіншісі – медиация тараптарының тең құқылығы. Медиация
тараптары медиаторды, медиация тәртібін, ондағы өз ұстанымын, оны
қорғаудың әдістері мен құралдарын таңдауда, ақпаратты алғанда, дауды
реттеу туралы келісімнің шарттарын бағалауда тең құқықтарға ие.
Сәйкесінше оларға жүктелер міндет те бірдей. Үшіншісі – медиатордың
тәуелсіздігі және бейтараптығы. Медиацияны жүргізген кезде медиатор
тараптарға, мемлекеттік органдарға, басқа заңды, лауазымды және жеке
тұлғаларға тәуелді болмайды. Төртіншісі – құпиялылық. Медиация
қатысушыларының медиация барысында оларға мәлім болған мәліметтерді
сол ақпаратты берген медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз
жариялауға құқысы жоқ. Осындай артықшылығының өзі медиацияның халық
игілігіне қызмет ететінін, «Медиация туралы» заң халықтық заң екенін
дәлелдейді.
Токбулатов Ерлан Муратович, Бостандық аудандық сотының судьясы

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...