spot_img
spot_img

McDonald’s Қазақстаннан кетуге ниетті — Bloomberg

McDonald’s фаст-фуд желісі ет жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстаннан кетуге ниетті. Бұл туралы сәрсенбіде Bloomberg мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ресей нарығынан кеткеннен кейін McDonald’s Қазақстандағы франчайзилеріне Ресейдегі жеткізушілерден котлеттерге ет сатып алуға тыйым салған.

Қарашада Fod Solutions KZ ЖШС (McDonald’s Kazakhstan) иелігіндегі 24 фастфуд мейрамханасы жеткізу мәселесіне байланысты жұмысын тоқтатты.

2022 жылғы 12 желтоқсанда Республиканың «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өндірушілердің McDonald’s өнімдерін жеткізуге дайын екенін хабарлады.

Дегенмен, Bloomberg мәліметінше, Қазақстандағы франчайзингтер жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден ет сатып ала алмаған, өйткені жоғары бағалар мен көлік шығындары бизнесті шығынға әкелетін еді.

Сондай-ақ, республикадағы желілік мәселелерді McDonald’s-тың Қазақстандағы франчайзингі Қайрат Боранбаевтың 2022 жылғы 17 наурызда квазимемлекеттік сектордағы қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алуы да қиындатады.

Трамп Қытаймен келіссөздерде ілгерілеушілік барын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ...

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...