«Маскадан сенімдірек». Дәрігер коронавирустан қорғанудың ең жақсы әдісін атады

Украиналық вирусолог Вадим Аристов COVID-19-дан сенімді қорғайтын құралды атады. Бұл туралы ол «Украина 24» телеарнасының тікелей эфирінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аристовтың айтуынша, респираторлар коронавирустан қорғауда тиімдірек және қазір бұл құрал қолжетімді.

«Әңгіме маскалар туралы емес, респираторлар туралы болуы керек, өйткені күтпеген жерден іздеу немесе экономикалық жетіспеушілік дегендер артта қалды. Қазір тыныс жолдарының инфекциясынан дұрыс қорғану керек», — деді дәрігер.

Оның айтуынша, респираторлар қарапайым медициналық маскаларға қарағанда коронавирустан 12 есе жақсы қорғайды.

«Респираторлар медициналық маскаларға қарағанда 8-12 есе жақсы қорғайтыны белгілі. Өйткені олар тығыз орналасады, толық контур жасайды және вирус қалың қорғаныш арқылы сүзіледі. Маскалар тек вирустың алдыңғы жақтан келуінен қорғайды, ал оның үсті, екі жағы ашық», — деп түсіндірді Вадим Аристов.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...