12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде, жүрісі күмәнді «Opеl Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішкенін анықтады. Мұны тағайындалған медициналық зерттеу де растады. Ордабасылық полицейлер аталмыш жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Және оның бұдан алдын, яғни 2021 жылы тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен айыпты деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын айқындады.

Осылайша өзінің көлік басқару құқығы жоқ екендігіне қарамастан, қайта ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды. Нәтижесінде Ордабасы аудандық сотының үкімімен егде жастағы ер адам көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Облыс полицейлері мас жүргізуші қылмыскер екенін алға тартып, мұндай қателікке бой алдырмауды қатаң түрде ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...