Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде, жүрісі күмәнді «Opеl Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішкенін анықтады. Мұны тағайындалған медициналық зерттеу де растады.

Ордабасылық полицейлер аталмыш жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Және оның бұдан алдын, яғни 2021 жылы тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен айыпты деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын айқындады. Осылайша өзінің көлік басқару құқығы жоқ екендігіне қарамастан, қайта ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды. Нәтижесінде Ордабасы аудандық сотының үкімімен егде жастағы ер адам көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Облыс полицейлері мас жүргізуші қылмыскер екенін алға тартып, мұндай қателікке бой алдырмауды қатаң түрде ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...