Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, патрульдік полицей Нұрлан Күзжанов қызмет атқару кезінде, сағат 16:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Тойота Камри» маркалы көлікті тоқтатты.

Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдікті азаматты қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған сотына жолданды. Сот аталған жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас халде көлік тізгіндемеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...