12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде Шыбыт ауылындағы көшелердің бірінен түнгі уақытта «Opel vectra» маркалы автокөлігінің жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты.
Тексеру кезінде полицейлер, жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Аталған жайтты нақтылау үшін, медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Бәйдібек аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Араб тілі апталығы Қазақстанда жұмысын бастады

2025 жылдың 11 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Үкімет цифрландыру қарқынын күшейтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология және...

Елімізде алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел...

«Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» форумы өтті

8 қараша күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында...