«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.
– «Біздің ойымызша, денсаулық сақтау саласы – елдегі ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан жедел жәрдем көліктерін сыйлау – өңірдің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қосқан үлесіміз деп білеміз», – деді компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков.
– «Сіздер өндірілетін өнімнің сапасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік арқылы да халық игілігі үшін барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін қолдау бағытында еңбек етіп жатқандарыңызды дәлелдедіңіздер.
Бұл сіздердің компанияларыңыздың осы саладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің халықпен қарым-қатынаста қалай әрекет етуі керектігінің жарқын үлгісі деп санаймын. Осыған орай, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі және өңір тұрғындарының атынан көрсеткен қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өз кезегінде басқа да ірі бизнес өкілдері де сіздерден үлгі алады деп сенемін», – деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.
Компания 2015 жылы Қазақстанда тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешен ашылды.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстандағы жетекші азық-түлік өндіруші компаниялардың ТОП-10 қатарына кіреді.
Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, ал өндірілетін өнімдер ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне қатаң сай келеді.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...