Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының жаңа басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанайдың бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов қызметінен босатылған. Оның орнына Марат Жүндібаев тағайындалды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтерді, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес, қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты», — деді Қостанай облысы әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыс орталығының жаңа басшысы Марат Жүндібаев Қостанай облысы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...