Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы — Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

«Бәрі бекер!»: Боқаев гранит тақталарды сәтсіз түсірген орындаушыларды балағаттады

Кезекті сот отырысының іс материалдарын зерттеу барысында Боқаевтың мобилографы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін, мемлекеттік...

Судья әдебі — сот беделінің негізі

Судья әдебі - сот билігінің беделін айқындайтын маңызды өлшемдердің...