12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Марат Сағымбек, Алматы облысы, Панфилов ауданының әкімі:
Жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін дамыту – уақыт талабы

Қазақстан жаңа даму кезеңіне бет бұрды. Халық басқарушы биліктен ашықтықты, тұрақты дамуды, жүйе­лі тыныштықты, бәсекеге қабілетті экономиканы, әділетті қоғамды талап етеді.
Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауы көпшіліктің көңіліндегі осындай көп сауалдарға жауап береді. Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты саяси, құқықтық, мәдени, бұқаралық, әлеуметтік, экономикалық бағыттардың дерлігін назардан тыс қалдырмапты.
Көтерілген көп мәселенің ішінде аймақтардың тұрмыс сапасын жақсарту, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіндегі рөлін арттыру, өңірлерді дамыту, мажоритарлы жүйеге көшу бастамаларының айтылуы – замана тудырған үдеріс еді.
Әділ бәсеке, адал қызмет ғана абыройға бөлейді. Бұл ретте, халық қашанда өзі таңдаған, өзі сенім артып, үлкен міндет, елдік парыз жүктеген азаматына сенеді. Елдің осындай таңдау құқығы бұған дейінгі басқару жүйесінде көп ретте жүзеге аса бермейтін. Халық пен билік арасындағы бұл алшақтық бұқараның азаматтық қоғам қалыптастыруға, әділ сайлауға деген ынта-ықыласын бәсеңдеткен. Бұл ретте Президент алдағы уақытта азаматтардың таңдау құқығы ескерілетінін айтты, мемлекетті басқару ісіндегі сайлау үдерісінде қарапайым азаматтардың да белсенділігін арттыратынын жеткізді. Оңды өзгеріске қатысты Қ.Тоқаев: «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі. Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады. Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңыз­ды» – деген Мемлекет басшысы осы қадамдар арқылы көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік берілетінін, аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіретінін ерекше атап айтты. Бұл жергілікті жерлердегі адал, саяси бәсекені дамытады, жаңа тұлғаларды алға шығарады.
Жолдау барысында көпшіліктің көңілін марқайтқан тағы бір мәселе – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» ұстанымы. Бұл ретте, ел аймақтарындағы өзекті тұрмыстық мәселелердің назарға ілінуі қамкөңіл жұрттың болашаққа деген үмітін үрлегендей.
Мемлекет басшысының бастамасымен республикада алдағы күндері үш жаңа облыс бой көтереді. Абай, Ұлытау, Жетісу – енді халық өсімі мен жаңа инновациялық даму қарқынына ілесе алмай келе жатқан өңір инфраструктурасын алға жылжытып, тозып кеткен аймақ мәселелерін шешеді.
Әкімшілік-аумақтық мәселелердің жаңа жолдауда кеңінен талқыға ұсынылуы да үлкен өзгерістердің алғышарттары іспетті. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру билік тарапынан көтерілуі тиіс өзекті тақырыптардың бірі еді. Президент жаңа жолдаудың тоғызыншы бөлігінде осы мәселеге айрықша тоқталды. «Билікті орталықсыздандыру үдерісін тереңдете түспесек, саяси жаңғыруды табыс­ты жүргізу және азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Біз нақты өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру ісін жалғастырамыз. Ең алдымен, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының міндеттерін тиімді ажырату қажет. Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет. Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн. Қазіргі кезде ауылдық округтер жоғары тұрған әкімдерге толығымен тәуел­ді. Сондықтан мардымсыз қолдау­ға ие болуда. Әкімдер сайланатынын ескеріп, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тәсілін енгізген дұрыс болар еді. Сондай-ақ, олардың меншік базасын едәуір кеңейту қажет. Олар елеулі ресурстар иеленген соң ахуалға ықпал етеді, сонымен қатар жауапкершілік алады. Олай болмаған жағдайда, бұл өзін-өзі басқару емес, жай ғана алдамшы нәрсе болып шығады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету, бюрократия мен формализмді жою маңызды қадам болмақ» – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығаюуы Мемлекет басшы­сы айтқандай, «өңірлерді дамыту, масылдық көңіл-күйді төмендету және еліміздегі демократиялық өзгерістерді орнықтыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады».

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...