12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

Бүгін 20 ақпанда, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында  Айрақты тауы аймағында визит орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, азаматтық қоғамның өкілдері мен табиғат жанашырлары және сарапшылар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет екенін баса айтты. Президенттің туризмді дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес, өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Заңға сәйкес өткізілген қоғамдық тыңдау барысында Маңғыстаудың көрікті жерлерінің бірі – Айрақты тауының аймағында визит-орталықтары, сондай-ақ туристер мен жергілікті тұрғындар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған басқа инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізу мәселелері талқыланды.

Жобаның мақсаты – туристерге қолайлы әрі жайлы кеңістік қалыптастыру. Орталық қонақтарға аймақтың ерекше табиғатымен толығырақ танысуға жол ашып, көшпенділердің дәстүрлі мәдениетінің рухын сезінуге мүмкіндік береді. Оған қоса, қоршаған ортаны мейлінше ұқыпты пайдалану көзделеді.

Жоба бойынша Айрақты тауы жотасының етегінде 15 геокуполды шатырдан тұратын глэмпингтер, этно ауыл мен шайхана жәнемейрамхана салынады. Бұл нысандардың барлығы отандық инвестордың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жоба авторларының айтуынша, бұл визит орталығы өңір экономикасының ілгерілеуіне және ішкі, шетелдік саяхаттаушылардың санын арттыруға жол ашады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың кәсіп ашуына, өз өнімдерін сатып, табыс табуына мүмкіндік береді. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда 50-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жүзеге асқалы отырған жаңа туристік нысанның аудан тұрғындарына берер пайдасы мол екенін айтты.

«Айрақтыда қонақ үй салынады деген жаңалыққа қуанып отырмыз. Себебі, бізде шаруашылықпен отырған ауылдар көп. Егер келген туристерге сол ауылдың, сол малшының түйесінің шұбатын, етінен бешбармақ, бұжы жасап өткізіп отырса, қарапайым малшының да табысы көбейер еді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Ауыл таксистерінің де табыс табуына мүмкіндік туады. Жобаны бірауыздан қолдаймыз»,- деді тұрғындар.

Жиын қорытындысы бойынша жоба тұрғындар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Заманауи өнер — сабын жасаудан” мастер-класс өтті

20.02.2025 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінде “Жусан”...

«Құқық пен білімнің үндестігі: Заң факультетінің 70 жылдығы»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті бүгінгі таңда...

Будущее юриспруденции и экологии: студенты КазНУ посетили солнечную электростанцию

19 февраля 2025 года студенты кафедры уголовного права, уголовного...

Шымкенттің ауыз су саласынан шу шықты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы ауыз сумен қамту...

Казахстан укрепляет глобальное сотрудничество: ключевые достижения внешней политики в 2024 году

Казахстан убедительно демонстрирует приверженность широкому многостороннему сотрудничеству в строгом...