12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мамандар танымал Хагги Вагги құбыжық ойыншықтарының балалар үшін қауіпті екенін айтты

Мамандар қазіргі кезде балалар арасында сұранысқа ие болған Хагги Вагги ойыншығының балалар психологисына тигізер әсерінің жаман екенін айтты. Бұл құбыжық ойыншықтары бақыт гормонының төмендеуіне, психикалық ақаулар мен күйзеліс туындатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Хагги Вагги ойыншық құбыжығы қазір балалар арасында өте танымал. Бір қарағанда қорқынышты құбыжық бейнесіндегі жұмсақ ойыншықты балалар керісінше жақсы көреді. Сатушылар бұндай ойыншықтың күніне 20 шақтысы сатылатынын айтады. Ал олардың бағасы 1 500 теңгеден 7 мың теңгеге дейін. 

“Көбіне дүкенге келген балалар бірден Хагги Вагги, Кисси Мисси ойыншықтарының сөресіне қарай жүгіреді. Кейбір ата-аналар әсіресе ата-әжелер ойыншықтың қорқынышты екенін айтып, балаларына ұрысып жатады. Алайда, балалар көреткен машинаға да, қуыршаққа да қарамай тек осы ойыншықты таңдауда”,- деді балалар ойыншықтары дүкенінің менеджері Ұлан Ашикбаев.

Хагги бұл компьютерлік ойындағы ойыншыға шабуыл жасаушы құбыжық. Бұл қорқынышты алып құбыжық құшақтауды біледі. Сондықтан да оның аты ағылшын тілінде “to hug” “құшақтау” деген мағынаны білдіреді.

Алайда кей ата-аналар бұл ойыншықтың қауіпт деп ойламайды.

“Мен бұл ойыншықтың балалар психикасына әсері бар деп ойламаймын. Егер шынымен қорқынышты болса, балалар оған өздері-ақ жақындамайды. Оларға ұнап тұрса демек ешқандай қорқыныш жоқ. Мен бұл құбыжықтарға жәй ғана ойыншық ретінде қараймын”,- деді үш баланың анасы Ирина Варкунова. 

Психологтар керісінше, дабыл қағуда бұл ойыншық бала психологиясына әсер етіп, бақыт гармонын төмендетіп, оның күйзеліске көп түзуіне ықпал ететінін айтады.

“Бұл ойыншықтың түрінің өзі бала психологиясына қатты ықпал етеді. Бала писхикасы әлі қалыптаспаған таза күйінде болады. Ол осы тұста айналасындағы барлық дүниелерді өзіне сіңіреді. Мұндай қорқынышты құбыжықты күнде жанында алып жүрсе, сонымен бірге ойнап, сонымен бірге ұйықтаса, бала біртіндеп оның көңілсіз, зұлым, қатыгез келбетін өз бойына көшіре бастайды. Ойыншық бейнесіндегі эмоцияны өзіне қабылдайды”,- деді отбасылық психолог Ержан Мырзабаев.

Алайда психолог балалардың қорқыныш факторын жеңу жолында бұл ойншықтың пайдасы бар екенін айтады. Бірақ баланың ойыншықтың қандай тұстарын қабылдайтыны белгісіз.

“Егер бұл ойыншықты алып қойған болсаңыз, оны баладан тез арада тартып алудың қажеті жоқ. Бала психологиясында сатып алынған әрбір жаңа затты ол ешкімге бермей, ешкімге ұсынбай тек өзі ойнағысы келеді. Сондықтан балаңыздың ұойыншыққа қызығушылығы төмендеуін бірнеше уақыт күткеніңіз жөн”- деп қосты психолог.

Осы орайда мамандар балаларға қорқынышты құбыжық, зұлым кейіпкерлерге қарағанда, көңілді, жүзі жылы ойыншық бейнелерін таңдаудға және мейірімділікке насихаттайтын мультфильмдерді жиі көрсетуге кеңес берді.

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...