Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиев қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиевті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалғаны хабарланған.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірді. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Халықаралық журналистика факультетіне түсіп, оны да қызыл дипломмен бітірді.

Закиржан Кузиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры және «Универсал» ЖШС президенті болды.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...