spot_img
spot_img

Майнерлерден Қазақстан бюджетіне қанша ақша түсті?

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, цифрлық майнинг бюджетке 652 миллион теңге әкелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Оны цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тұтынылған электр энергиясының нақты көлеміне қарай төлейді. Төлемақы сомасы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төленеді.

«Еске салайық, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі», — делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағынан түскен:

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 277,3 миллион теңге;
  • БҚО — 143,1 миллион теңге;
  • Ақтөбе облысы —  48,9 миллион теңге;
  • Қарағанды облысы — 45,2 миллион теңге;
  • Павлодар облысы — 36,9 миллион теңге;
  • Алматы қаласы — 36,1 миллион теңге;
  • Атырау облысы — 26,4 миллион теңге;
  • ШҚО — 24,3 миллион теңге;
  • Алматы облысы — 11,1 миллион теңге;
  • Түркістан облысы — 2,2 миллион теңге;
  • Жамбыл облысы — 685,1 мың теңге;
  • Қостанай облысы — 39,9 мың теңге.

Қалған аумақтардан төлемақы түспеген. Негізінен, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі, сәйкесінше төлемақы түскен аумақ пен майнинг фермасының орналасқан жері сәйкес келмеуі мүмкін екені хабарланды.

Төлемақының ірі төлеушілері мыналар:

  • AISolutions ЖШС-і 93,2 миллион теңге сомасымен;
  • «ЛЛУ АГРО-ЭНЕРДЖИ» ЖШС-нің филиалы 76,7 миллион теңге сомасымен;
  • BCD Company ЖШС 53,8 миллион теңге сомасымен.

Осыған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында электр қуатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында майнингті жүзеге асыратын кәсіпорындардың басым бөлігі 2021 жылдың қазанынан бастап электр қуатынан ажыратылғаны туралы ақпарат таратылған болатын.

«Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылып жатыр», — МКД өкілдері.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...