Маймыл шешегі 12 есе жылдам дамуда — Мамандар

Португалия ғалымдары маймыл шешегі жылдам дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Medical Express басылымына сілтеме жасап.

Зерттеудің бір бөлігі ретінде Дутор Рикардо Хорхе Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары 15 пациенттен үлгілерді жинап, вирустың қаншалықты тез дамитындығы туралы көбірек білу үшін оларды генетикалық талдаудан өткізді. Олар шешек вирусының күтілгеннен 6-12 есе жылдам мутацияға ұшырағанын анықтады.

Зерттеушілер вирустың мутация жылдамдығының кенеттен жылдамдауы вирустың адамға жұқтырудың жаңа әдісін жасағанының белгісі болуы мүмкін деп болжайды, қазіргі уақытта адамнан адамға жақын байланыс арқылы, дене сұйықтықтары арқылы немесе ауа тамшылары арқылы да берілуі ықтимал, 

Мутацияларды зерттей келе, зерттеушілер кейбір мутациялар адамның иммундық жүйесіне, атап айтқанда, генетикалық кодты көшіру кезінде қателіктер тудырып, вирустарды өлтіретін APOBEC3 деп аталатын ферменттерге әсер етуден туындауы мүмкін белгілер тапты. Егер кейбір вирустар мұндай шабуылдан аман қалып, гендерін берсе, олар болашақ ұрпаққа адамның иммундық жүйесінен артықшылық берер еді. 

Зерттеушілер вирустың басқа елдердегі жануарларға да таралуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жыл басынан бері маймылдың зертханалық расталған 3413 жағдайы тіркеліп, бір адамның өлімі белгілі болғанын хабарлаған.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...