Маңғыстаулық кәсіпкерлер мәселесі назардан тыс қалмады

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Олар алдымен Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовпен және Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Бек Аметовпен кездесті. Басқосуларға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, кәсіпкерлер құқығын қоғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жанаев, ӨКП директорының орынбасары Серік Әміров қатысты.

Талқыланған ортақ тақырып- кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардың жасайтын іс-әрекеті, заңсыз тексерулері мен әкімшілік кедергілерге ұшырауы жайында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар да айтылды.

Қазақстанның бизнес-омбудсмені өңірлік кәсіпкерлер палатасының іскерлер құқығын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалады.

Осыдан кейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында бірқатар бизнес өкілдерін жеке қабылдады. Омбудсменмен кездесуге 10 шақты кәсіпкер мүмкіндік алды.
Мәселен, «Айдана-ИК» ЖШС-і өкілдері мемлекеттік сатып алуға байланысты проблемаларын айтты. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісім жасасуға және қол қоюға көмектесуді сұрап, мемлекеттік органдар тарапынан қолданысқа берілген нысанның құрылысын шұғыл қаржыландыру туралы мәселені шешуді сұрады. Өйткені тапсырыс беруші мемлекетік мекеме жұмыс аяқталған соң қосымша салынған ғимараттарға тиісті кедісімшартты жасамай қойған әрі қаражатын да аудармаған болып шықты.

Бұл мәселеге омбудсмен тікелей араласып, облыс әкімі деңгейіне дейін көтеріп, мәселенің оң шешілуіне ықпал ететінін айтты.

Ал, «Каскор-Машзавод» ЖШС форс-мажор жайларына байланысты араша сұрады.
«Біз форс-мажор жағдайына байланысты арнайы сетификатқа қол жеткізе алмай келеміз. Соның салдарынан мұнай компанияларындағы тапсырыс берушілердің тауарлары уақытылы қолдарына тимей отыр. Компаниялар соған байланысты қомақты айыппұл салуда. Біздегі қиындық- Ресейдегі әскери операцияларға байланысты тиісті құжаттар келмей жатыр. Саяси жағдай реттелмейінше, тапсырыс та орындалмайтын түрі бар»,- дейді серіктестік өкілі.

Оған Рустам Жүрсіновтың берген жауабы нақты болды. Тапсчырыс беруші мұнай компанияларына хатпен шығып, форс-мажор жағдайы түсіндіріліп, айыппұлдардың кешірілуіне қадам жасалатын болды.

Бұдан бөлек, ЖК «Азизова» жер учаскесін уақытша өтеулі пайдалану құқығын беру туралы құзырлы орган шешімінің күшін жою үшін көмек қолын созуды сұрады. Ал, кәсіпкер Дмитрий Клинчев теңіз туризмін дамыту бойынша мәселе туындағанын алға тартты. Жобаны іске асыру үшін жағалау инфрақұрылымын салу мақсатында атқарушы органдардың жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беруі мәселесі шешілмей тұрғанын айтты. Кеменің теңізге әр шығуына рұқсат алу, шағын көлемді туристік кемелерге ірі тоннажды флотқа белгіленген талаптарды қолдану қиындық туғызуда екен.
Кәсіпкерлермен кездесуден соң Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Маңғыстаулық іскерлердің түйіткілді мәселелерін облыс басшысына жеткізді. Жергілікті деңгейде мәселелер оң шешімін таппақ.

Жазира Қуанышбекқызы

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...