Маңғыстауда «Түнгі тексеріс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Маңғыстау облысы аумағында көлемінде 2023 жылдың 6-11 қаңтар күндері аралығында «Түнгі тексеріс» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбау, сот жүктеген міндеттерді орындау, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қарақия аудандық Пробация қызметінің инспекторлары рейдтік шараларды ұйымдастырды.

Қарақия ауданында 43 тұлға пробация есебінде тұр. Шара барысында қызметкерлер сотталғандардың тұрғылықты жерін тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Есепте тұрған тұлғаларға белгіленген тәртіпке сай түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайларында болуын, жазасын өтеу кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбауға, қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға, ескертусіз тұрғылықты мекен-жайы аумағынан алыс жерлерге кетпеуге шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік, — дейді Қарақия аудандық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Нұрлан Надиров.

Содай-ақ, бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны және қойылған талаптарды орындамаған жағдайда сотталғанға қатысты сот тағайындаған жазаны ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы айтылды.

Тексеру нәтижесінде екі тұлға үйлерінде түнгі уақытта болмағаны анықталды. Оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп, табылғаннан кейін тәртіп бұзғандардан түсініктеме алынды, ескерту жасалды. Оның біреуіне қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы Қарақия аудандық сотына ұсыныс жолданды.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....