Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты

Маңғыстау облысы Батыр ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырға жиналған жаңбыр суына батып, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. Жеке үй маңында әжетханаға арнап қазылған шұңқыр толассыз жауыннан кейін суға толған. Мұны байқамаған 14 және 10 жастағы балалар суға батып кеткен. 

Балалар әжесінің үйіне бара жатқан екен. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар арық, шұңқырлардың бетін ашық қалдырмау керегін ескертті. 

Маңғыстау облысында жауын салдарынан бір түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басқан. Қазір ТЖД 19 адам эвакуациялап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...