Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында ант қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған сеніп тапсырылған депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», — деді Фуат Сатыбаев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутатты жаңа қызметімен құттықтады.

Фуат Сатыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Осы жылдар ішінде хирург, страсс серіктестігінің директоры, «Мойылды» шипажайының бас директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бері «Ақ жол» партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...