Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, осы бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», — деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын талқылап, құжатты мақұлдады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...