Мәжіліс қаңтарда таратылуы мүмкін

Парламент Мәжілісі қаңтарда мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Мәжіліс отырысынан кейін Қожахметовтен Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін бе деп сұрады.

«Мен әлі нақты білмеймін. Мүмкін, иә, осы айда. Менің ойымша, бұл туралы Президент айтты. Ол бірінші жартыжылдықта осындай шешім қабылданатынын ескерткен болатын. Бұл үшін бәрі дайындалды. Тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мәслихатта да, Мәжілісте де сайлаудың аралас жүйесі болады. Сондықтан бұл өзгеріс жақын арады болуы керек», — деді Қожахметов.

Ол Мәжілісті тарату туралы бастаманы палата төрағасы да, бір топ депутаттар да ұсынуы мүмкін екенін айтты.

«Депутаттар өзін-өзі таратуға бастамашы бола алады. Ал сайлау екі айдан кейін жарияланады. Олар (Мәжіліс депутаттары. — Ескерту) отставкаға кеткенде, Сенат заң шығару миссиясын атқарады, — деді Қожахметов.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...