12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәжбүрлі еңбекке тартылды

Түркістан облысы Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын бір азаматқа 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалды.
Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.

Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз немесе бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды.

Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Осындай жаза түріне сотты болғанның бірі отыз екі жастағы Берік есімді азамат үстіміздегі жылы Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының үкімімен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Сонымен қатар, жаза өтеу кезінде 100 сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды да атқаратын болады.

Сотталған азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан «Жарық-Тазалық ЖШС-не» жіберілді. Қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін, әкімшілік ғимаратының алдындағы зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету және көктем мезгілінде жер аударып аулаға күл отырғызып, шарбақтарын сырлау сынды тағыда басқа еңбек етіп жазасын өтейді. Мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң Түркістан «Жарық-Тазалық ЖШС-гі» мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы туралы кесте түзіп, қалалық пробация қызметіне жазбаша түрде хабарлайды, — дейді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы әділет капитаны Жасұлан Шарипов.

Пробация инспекторының сөзіне қарағанда бұл мәжбүрлі еңбек бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азаматтар үшін тиімді. Себебі, олар жұмыссыз үйде жатпайды, 4 сағат болса да еңбек етіп, жұмыс жасауға дағдыланады. Ал, кейбір сотталған азаматтар тез арада жұмысқа орналасып кететін жайттар да кездеседі екен. Сотталған Берік есімді азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа жіберілді.

Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше өздеріне берілгене жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін, 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде өз жұмысын бастайды.

Қазақта «қолыңмен істеген істі, мойныңмен көтер» дейді ғой. Әрине, өзімнің жасаған қылмысымды мойындаймын. Қателікке бой алдырып есірткі заттарын пайдаландым. Өзге Маған қоғамдық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Он күннен бері осы жазаны өтеп жүрмін. Енді 80 сағаттық еңбегімді өтеймін. Жасаған қылмысыма өкінемін, оны алдағы уақытта қайталамаймын, — деді сотталған Берік.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...