Мәскеуде 16 мамырда ҰҚШҰ саммиті өтеді

16 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

«16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл — көшбасшылардың кездесуі және таңғы ас форматындағы жеке әңгіме. Шара қорытындысы бойынша (ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав) Зась пен (Армения премьер-министрі Никол) Пашинян журналистерге ақпарат береді деп күтеміз», — деді Песков, Армения қазір ұйымның төрағасы екенін еске салып.

Еске салайық, 10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысқан болатын. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталып, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері, Армения, Қырғызстан премьер-министрлері және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысты.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...