Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Президент Әкімшілігімен және қала мәслихатымен келісе отырып, Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бүгін облыс әкімі Жүребековті қала активіне таныстырды.

Мұрат Жүребеков 44 жаста. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының, Глазго қаласындағы Стратклид университетінің түлегі. 2013 жылы Гарвард бизнес мектебін, 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ жобаларды басқару бойынша жетекші маман болып бастады. Одан кейінгі жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...