Мұнай бағасы өсіп жатыр

Ресейге қарсы санкциялар туралы өтетін Еуропалық одақтың (ЕО) отырысы қарсаңында мұнай бағасы көтеріліп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнайдың жарамдылық мерзімі сейсенбіде аяқталатын шілде айындағы фьючерстік келісімшарты сессия басында 0,3 пайызға, барреліне 119,80 АҚШ долларына (51990 теңге) дейін өсті. Тамыз келісімшарты Brent барреліне 0,6 пайызға, 116,23 долларға (50442 теңге) дейін өсті.

Осы уақытта WTI маркалы мұнай фьючерстері де барреліне 0,7 пайызға, 115,85 долларға (50276 теңге) дейін қымбаттап, өткен аптадан бері сенімді өсіп келеді.

ЕО елдері дүйсенбі мен сейсенбіде Украинаға басып кірген Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін талқылау үшін кездеседі. 

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...