МӘМС шеңберінде салалық мамандардың көмегіне жүгінуге болады

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері амбулатория деңгейінде салалық мамандардан консультация алу жайлы түсіндіріп берді.
Басқарма жетекшісінің орынбасары м.а. Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, салалық маманның қабылдауына емханадағы жалпы практика дәрігері арқылы жазылуға болады. Содан кейін пациенттің денсаулық жағдайына қарай профильдік маманға жолдама беріледі. Бұл науқастың ғана емес, маманның да уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Салалық мамандардың консультациясы, КТ/МРТ, рентген сынды тағы да басқа диагностикалық қызметтер сақтандырылған азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетіледі. Ол үшін емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет. Дәрігер жолдаманы тиісті көрсетілімдер мен ауру белгілеріне қарай жазып береді», — дейді маман.
Тағы бір ескерте кетерлігі, қажетті қызмет түрі емханада көрсетілмейтін болса пациентке басқа емдеу мекемесіне жолдама берілуі тиіс. Қызмет медицина ұйымдары арасындағы қосымша келісімшарт негізінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, учаскелік дәрігердің жолдамасын қажет етпейтін жағдайлар да болады. Мысалы, салалық маман қойған диагнозды нақтылау мақсатында қосымша инструменталдық тексеру жүргізу қажет болғанда, шұғыл стоматологиялық көмек қажет болса, тіркелген емханадағы акушердің немесе писхолог маманның қабылдауына кіруге, дерматовенорологиялық сырқаттарды емдеу үшін жолдама алудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда аталған қызметтерді көрсететін клиниканың тіркеу бөлімі арқылы жазылса жеткілікті.
«Ал, шұғыл жағдайларда медициналық көмек кешіктірмей көрсетілуі тиіс. Егер емхана қызмет көрсетуден орынсыз бас тартқан жағдайда клиника жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып, мәселені сол жерде шешуге болады», — деді Назгүл Иманғалиева.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...