spot_img
spot_img

Мүгедектігі бар жандардың көңіліне тиетін сөздерді айтуға тыйым салынған

2021 жылдың аяғында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Содан бері елімізде мүгедектігі бар жандардың мүддесіне қарай көптеген өзгерістер орын алды. Солардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты кейбір сөздердің тыйым салынуы дер едік.

Жалпы қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға барынша көңіл бөлінуде. Олардың жүріп тұруына, жұмыс істеп қоғаммен араласуына, білім алып өзін дамытуына мүмкіндігінше  жағдай жасалуда. Біз сөзбен айтқанда олардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне мемлекет тырысып жатыр. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалатын жағдай мұнымен тоқталып қалмай, одан әрі жетілдірілу үстінде. Соның бір дәлелі енді елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға «саңырау», «мүгедек», «соқыр», «мылқау» деген сөздерді айтуға заң жүзінде тыйым салынды.

Мүмкіндігі шектеулі жанның жанын жаралап кетер сөзден бас тартып отырған еліміз оның орнына «мүгедек» емес, «мүгедектігі бар адам» секілді сөздерді қолдануға тырысып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамда дұрыс жағдай жасау мақсатында қолға алынып отырған бұл шаралар шын мәнінде олардың өзі үшін де маңызды болып отыр.

Мәселен үшінші топтағы мүгедектегі бар Айдос Жақсыкелдиев мырза «Бала кезімде оқыс жағдайдан бір көзімді ағызып алдым. Кейін протез орнатып орнын білдіртпеуге тырысқанмен бұл жан дүниемдегі олқылықты толтыра алмады. Протез көз жаны жоқ болған соң кәдімгі өз көзіңдей қозғала қоймайтын. Соның салдарынан екі көз екі жаққа қарап қалып талай ыңғайсыз жағдайға қалғанмын. Мектепте өзіңмен құрдас балалар мазақтаса, кейін өсе келе біреу сол көзіме ыңғайсыз қарап қалса өзімді қоярға жер таппай кететінмін. Яғни қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы жеткілікті деңгейде қорғалмағандықтан мектепте буллингке ұшырап, университетте «ақи» деген сөз үшін төбелесе жүріп ержеттім. Кейін осы мәселелер әсер етіп отбасын да кеш құрдым. Негізі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұндай мәселесіне мәдениетті қарау жағы елімізде жетісе бермейді. Осындай көзқарастан мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін кем санауы қалыптасады. Сондықтан заң жүзінде бұл мәселенің қарастырылуы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғап, өзін кем санауына тосқауыл қояды деген үміттемін» дейді. Расында да ендігі жерде өз тарапына қолайсыз сөз естісе де оны заң арқылы қорғап алуына мүмкіндік туып отыр.  

Заңмен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызы зор! Осы орайда заң аясында бірінші топтағы мүгедек жəне күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс деген талап енгізілген. Бұл да болса мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаудан туындап отырған норма. Осыған дейін мүгедектігі бар жанның құқығын таптап, туыстары кейбір кезде алыстағы туысын да күтуші ретінде тағайындай беретін болса, енді бұл заң аясында қадағаланады. Мүгедектігі бар жанның әлеуметтік жәрдемақысын пайдаланып, өзінің қайыры тимейтін жандарға заң аясында тыйым салынуы бұл бассыздыққа тыйым салары сөзсіз.

Сонымен қатар елімізде алдағы уақытта мүгедектердің тұрғын үй алу, қала ішінде емін еркін қозғалуы, қоғамға бейімделу, білім алып, қоғаммен араласуы, жұмыспен қамтылуы, қоғамдық орындардың қол жетімділігі, мемлекеттік сатып алу, басқа да салалардағы құқықтарын жетілдіру көзделіп отыр. Атап өтер бір жайт елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Арнайы атаулы күн беріп, елеп ескеру де мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаудан туындап отыр. Жалпы еліміз бойынша ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады екен. Жыл санап олардың саны артып бара жатқанына алаңдаған еліміз мүгедектіктің алдын алу бағытында да жұмыстар жасап жатыр. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қолдауы мен өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып отырғанынан ақ елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше қамқорлықта екенін аңғарамыз. Сондай-ақ еліміздегі барлық қалаларда пандустардың санын арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлылығын қамтамасыз ету, оларға берілетін әлеуметтік заттардың, гигиеналық заттардың сапасын арттыру да басты назарда! Инклюзивті қоғам қалыптастыру аясында қазіргі таңда барлық білім беру орындарында мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасап қолға алынған. Әрине бұл жағдайлар еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға да сенімділік қалыптастырары сөзсіз.

Заң жобасы қоғамның ұзақ талқылауынан өтіп, барынша қоғам пікірін ескере отырып жазылғандықтан нағыз мүмкіндігі шектеулі жандардың ойынан шығар, құқығын қорғар норма болып отыр. Өйткені Мәжілістің талқылауынан өткен кезде Мәжілісмендер де бір ауыздан қолдаған болатын. Солардың бірі Елнұр Бейсенбаев «Жобаға мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Халықаралық тәжірибеде бұрыннан бар нәрсе біздің елімізде енді қолға алынуда. Кеш те болса қолға алынған бұл өзгерістердің берері мол деп санаймын.Әлемдік тәжірибеде «рeople-first language» деген түсінік бар. Яғни алдымен оның адам баласы екеніне мән беріп, кейін ғана ауру-сырқаты, бойындағы кемшілігі, денсаулығындағы кінәраты жөнінде айтылуы қажет екенін білдіреді. Мәселен ендігі жерде «мүгедек», «мүгедек бала», «Ұлы Отан соғысының мүгедегі» деген сөздер «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар бала» және «Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың намысына тиіп кетпеу мақсат болып отыр. Жалпы заң нормасында көп мәселе қамтылған. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды», – деп түсініктеме берген болатын. БҰҰ конвенциясына сәйкестендіріліп жасалған заң жобасы көпшіліктің көңілінен шығарына сенім мол!

Ерзия Ерсұңқар

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...