12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Мәйітке 2 апта болған деді»: Қырғызстан жерінде денесі табылған сарбаздың жақындары сотқа шағым түсірмек

Жамбылдағы әскери бөлімде жоғалып кетіп, 39 күнде денесі таудан табылған Ұлықбек Бердішевтың жақындары сотқа арызданбақшы. Қайғыдан қан жұтқан отбасы оқиғаның көлеңкелі тұстары көп деп отыр. Мәйіттің маңында жатқан әскери киімдер өң бермеген, таза күйінде табылды дейді. Ақжарқын тіл алғыш баланың   мұндай әрекетке өздігінен бармайтынына сенімді. Сондықтан біреулерден қысым көруі мүмкін деген туыстары кінәлілердің жазалануын талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

“Медицина сараптама жасаған мамандарға осындай сұрақ қойдым. Мына мәйітке қанша уақыт болған, қанша күн болған дегенімде. Әрі кеткенде 1,5-2 апта болды деді. Сонда қалған уақытта бұл бала қайда болды, кім ұстап отырды. Суицидке кім жеткізді бұл баланы? Күдік көп, күмән көп, сұрақ көп. Соның жауабын бізге кім бере алады?», — дейді Ұлықбек Бердішевтің туысы Дәрігүл Жұмағалиева. 

Сарбаздың денесіне Тараз қаласында сот медициналық сараптама жасалған. Туыстарының айтуынша, оның қорытындысы 1 айдың көлемінде белгілі болады.  13 сәуірде жақындары Ұлықбектің денесін жер қойнына тапсырды. 

Айта кетейік, Жамбылдағы шекара қызметіндегі «Андас батыр» заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов 2 наурызда іс-түссіз жоғалған болатын. Арада бір жарым ай өткенде оның мәйіті Қырғызстан шекарасынан, тауда асылып тұрған күйде табылды.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...