12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МҮГЕДЕК ЖАНДЫ ЖАЛҒЫЗ БАСПАНАСЫНАН АЙЫРМАҚШЫ

КҮН СУЫТЫП, ҚЫС МЕЗГІЛІ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ. ЕЛ-ЖҰРТ ЖАН-ЖАҒЫН ҚЫМТАП, ҚЫТЫМЫР КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАНДА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ РАЙЫМБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНДАҒЫ «АРДАГЕР-ҚАЛАМГЕР» БАУ-БАҚША СЕРІКТЕСТІГІ» ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ №22 ЖЕР ТЕЛІМІНДЕ ТҰРАТЫН ИРМАДИЕВТЕР ОТБАСЫНА ДАЛАДА ҚАЛУ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР.

Бейбіт заманда саяжайдағы жалғыз баспанасынан айырылып қалғалы отырған Ирмадиевтердің ендігі бар үміті – ҚР Жоғарғы Сотында. Өйткені бұған дейін осынау даулы істі қараған Қарасай аудандық, Алматы облыстық соттарының шешімдері дауласушы қарсы тараптың пайдасына шығыпты. Саяжайдағы құрқылтайдың ұясындай үйдің дауы туралы мақала газетіміздің 2020 жылдың 28 қаңтарындағы №7 санында жарияланған болатын. Көп ұзамай елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланып, жүріп-тұруға шектеулер қойылғандығы мәлім. Үйіндегі аурушаң жұбайының (ІІ топтың мүгедегі) күтімімен және карантин талаптарына сай үйінен шыға алмаған Рысалды Райханқызы кассациялық сатыға арыз беру уақытын да өткізіп алған.


Мәселенің мән-жайына қысқаша тоқталар болсақ, шағымданушы Ирмадиева Рысалды Райханқызы отбасымен 2006 жылы «Ардагер-Қаламгер» бау-бақша серіктестігіне көшіп келген. Жұбайы Ирмадиев Нұрсәлім Сәкенұлы 2007 жылы серіктестікке электр маманы болып жұмысқа кіріп, осы кезден бастап жер телімін алуға кезекке тұрған. Серіктестіктегі қараусыз қалған №22 саяжайдағы тұрғын үйге қоныстанып, өздеріне жекеменшікке беруін сұрап Қарасай аудандық әкімдігіне өтініш жазған. Тиісті тексеру жұмыстарының қорытындысына орай берілген ұсынбахаттардың негізінде 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Н. Ирмадиевке бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін жоғарыда аталған жер телімін бекітіп, жекеменшік құқығын беру туралы шешім шығарылған. Соның негізінде Н. Ирмадиев аталған жер теліміне құқық беруші заңды құжаттарын жасатып (кадастр нөмірі 03-047-228-050), қолына алған. 2014 жылдан бастап жоғарыда көрсетілген дауласушы тарап – Саракүл Төребаева мен оның ұлдары Қайсар, Қанат Қасымовтар осы жер телімін меншіктену үшін сотқа шағымдана бастайды. Содан бері бірнеше сот отырыстары өтті. Алғашқы сот шешімі Ирмадиевтердің пайдасына шешілсе, қалғандары Қасымовтардың пайдасына шешілген. Алайда бұл жерде қолында заңды құжаттары бар Ирмадиевтер сот шешімдеріндегі сәйкес келмейтін деректермен келіспейді. Біріншіден, Қасымовтардың нөмірі жоқ жер телімі «Қаламгер» серіктестігінде орналасқан. Ал №22 жер телімі «АрдагерҚаламгер» серіктестігінде орналасқан. Екеуі екі басқа серіктестік, төрағалары да, бас жоспарлары да бөлек. Екі серіктестікті жол ғана бөліп тұр. Екіншіден, олардың қолындағы техникалық төлқұжатта үй тастан салынған деп көрсетілген, ал №22 жер теліміндегі үй монолитті бетоннан құйылған. Олардың үйі екі қабатты, ал даулы үй екі бөлмелі. Құжаттарда Қасымовтардың жер телімі 12 сотық, ал Ирмадиевтердікі – 6,50 сотық деп көрсетілген. Үшіншіден, Қасымовтар ұсынған құжаттарда кадастрлық нөмір, тіркелген мерзімі, жер телімінің, үйдің өлшемдері сияқты мәліметтерде қайшылықтар көп.Төртіншіден, жан-жақты және объективті қарау мақсатында барлық жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың қатысуымен нысан орналасқан жерде көшпелі сот отырысы өткізілген жоқ. Бесіншіден, 2012–2019 жылдар аралығындағы тиісті органдардың берген анықтамаларында «Ардагер-Қаламгер» бау-бақша серіктестігінде С.Төребаеваның және Қайсар, Қанат Қасымовтардың атына ешқандай жер телімі рәсімделмегендігі туралы тасқа таңба басқандай анық жазылған.
«Дау-дамайдың бәрі осы мәліметтерді ескермеген Қарасай аудандық сотының әділетсіз шешімінен бастау алды. Сот әділеттілігі қайда? Әлі де болса күдерімді үзбейміз. Отағасы аурушаң, жұмысқа жарамайды, отбасымызда үш ұлым, келінім, үш немерем бар. Осынша жанды баспанасыз қаңғыртып жібермес, әділ сот дұрыс шешім қабылдайды деген үміттемін», – дейді соттан сотқа шапқылаудан шаршаған Ирмадиевтер.
Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...