12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәди ТОҚАНОВ, ҚР ДМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК Павлодардағы филиалының аға дәрігері: «ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚҚА САЛЫНҒАН БАЛАЛАР САНЫ АРТЫП БАРАДЫ»

– Құмар ойындардан қалай аулақ болу керек? Адамдар неліктен оған бейім?

– Ең алдымен, адам құмарлықты іштей сезіне білуі керек. Ал ойынның құрбаны болғандар оны кеш сезінеді. Олар ойынның соңына түсіп, қолында барды бәске тігіп, өзінің іс-әрекетін басқара алмай қалған кезде ғана құмарлыққа беріліп кеткенін сезінеді. Ондай кездегі науқастың басты белгілері: мазасыздық, ұйқы қашуы, көңіл күйдің болмауы, психикалық күйзелістер: күйзеліс (депрессия), апатия. Сонымен қатар, науқастың физикалық тұрғыдағы өзгерісін ересек және бала деп қарастыра аламыз. Мәселен, ересек науқаста үйдегі заттардың жоғалуы мен несие санының артуы сияқты белгілер болса, құмарлыққа берілген науқас балада күні кешке дейін компьютер, ұялы телефонмен отыруы, егер оларды өшірсе, көңіл-күйінің болмауы, ұрсысу, ата-анасымен сөйлеспеуі сынды көзге айқын білінетін белгілері болады. Қазіргі таңда осындай ойынқұмарлыққа салынған балалардың саны күн сайын артып бара жатыр. Ал бұл дерттен аулақ болу үшін, адам өз-өзін басқара алуы қажет. Әр істің белгілі бір көрсеткіші бар. Сол шамадан асып кету құмарлыққа апарады. Егер адам құмарлыққа беріліп кеткен болса, психолог мамандармен жұмыс жасағаны жөн. Сол арқылы оның себебі мен шешу жолын анықтауға болады.

– Адамдарда неліктен құмар ойынға деген қызығушылық болады? Ол мәселемен күресудің жолы қандай?

– Жалпы, тәуелділік екіге бөлінеді: химиялық және химиялық емес. Химиялық тәуелділікке есірткілік заттар, маскүнемдікті және т.б. жатқыза аламыз. Ал химиялық емес тәуелділіктің ішінде осы ойынқұмарлық бар. Ол да – адам өміріне қауіп төндіретін тәуелділік. МКБ (Международная классификация болезней) өздерінің оныншы қарастыруында ойынға деген құмарлықты ауру деп санады. Көбінесе, біз дәрігерлер де науқастарға құмарлықтың оңай дүние емес екендігін айтамыз. Бірақ оны олар «жеңіл дүние, өздігімізден құмарлықтан шыға аламыз» деп ойлайды. Алайда, көпшілікке байқалмаса да, клиникаға осындай мәселемен көп адам келіп жатыр. Қазір дүкендерде автоматтар, ұтыс ойындары толып тұр. Одан соң, науқастар казино, ұялы телефондардағы онлайн ойындарға «ставкалар» қояды. Олар осындай ойындарды ойнаған сайын ескірткіні тұтынушылар сезінген ләззатты сезінгендей болады. Сөйтіп, ойынды ойнаған адамда оған деген тәуелділік пайда болады. Бүгінгі таңда дүниежүзілік стандарттар бойынша ойынқұмарлық дәрі-дәрмектермен емделмейді. Мұндай мәселеге ұшырағандармен негізінен психолог, психотерапевт мамандар жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты – науқастың өмірге деген көзқарасын өзгерту, жақсы қасиеттерін арттырып, адамның өзіне деген сенімділігін нығайтып, бағыт-бағдар беру. Бірақ бұл ұзақ процесс. Науқас екі-үш айдан бір жылға дейінгі уақыт аралығында оңалтудан (реабилитация) өтуі керек. Сонымен қатар, науқас құмарлықтан айыққан соң да, белгілі бір мерзім ішінде психологпен жұмыс жасап тұрғаны жөн. Ал дәрі-дәрмек қолдану өте сирек кездесетін факторлар. Олар, әсіресе, күйзеліс, антидепресант сияқты психикалық жағдайларда қолданылады.

– Құмар ойынның құрбаны болған науқастармен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдерімен бөліссеңіз?

– Жалпы, науқаспен жұмыс жасаудың екі түрі бар. Ол: жеке және топтық. Біздің филиалда психолог мамандар науқаспен күніне үш мәрте (түске дейін, түстен кейін және кешке) жұмыс жасайды. Оларға қосымша үй тапсырмалары беріледі. Науқастың өмірге деген көзқарасын өзгерту үшін ойынқұмарлықпен де жұмыс істейді. Жоғарыда айтқанымдай, есірткіге, ойынға, ішімдікке құмарлық сияқты, әр құмарлыққа қатысты өзінің тиісті әдіс-тәсілдері қолданылады. Ол психологтармен бірге аптасына екі немесе үш мәрте жасалады. Емдеу ұзақтығы екі немесе үш айдан бір жылға дейінгі уақытты қамтиды. Өйткені, алғаш емделуге келген науқаспен жабық стационарда жұмыс істеу керек. Себебі, ол басында өзінің ауруға ұшырағанын түсінбейді. Ал оны түсінуі үшін біршама уақыт қажет. Біздегі басты әдіс-тәсілдер осындай.

– Жалпы, құмар ойындардың адам өміріне қауіптілігі қандай? Бұл тәуелділіктен аулақ болудың жолдарын көрсетсеңіз?

– Ең жиі кездесетін қауіптілік – суицид. Ол көп қарызға бату, күйзеліске ұшырау және одан шыға алмаудың әсерінен болады. Сонымен қатар, тәуелділіктің соңы маскүнемдікке де алып келіп жатады. Бұл да – жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Адам бір қиындыққа тап болып, күйзеліске душар болған кезінде, екі дүниеге бейім болады. Оның бірі – ішімдік болса, екіншісі – есірткі. Бізге келетін науқастардың 70-80 пайызының мәселесі – ішімдік пен ойынға тәуелділік. Ал алдын алу жолдары жөнінде айтар болсам, бұл құмарлық болғандықтан, ол – созылмалы ауру. Осы айтып отырған, маскүнемдік, есірткі мен ойынға деген құмарлық ұзақ емдеуді қажет етеді. Жүрек ауруы, қант диабетіне шалдыққан науқастар ұзақ уақыт дәрі-дәрмекпен емделетіндер сияқты, бұл құмарлық та біраз уақыт психолог, психотерапевтермен жұмыс істеуді талап етеді. Бұл ауру да біршама төзім мен уақытты қажет етеді. Алайда, науқас айтылған дүниелерге құлақ асып, тапсырмаларды орындап отырса, одан айығудың да жолы оңай болары сөзсіз.

– Мәди мырза, емен-жарқын сұхбатыңызға рақмет!

Жібек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.