Мәжіліс депутаты қоғамда жалған ілімдер мен курстар кең тарап жатқанын сынады

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қоғамда жалған ілімдер мен курстар кең тарап жатқанын сынады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Кейінгі уақытта елімізде кеңінен таралып кеткен сан алуан эзотерикалық, псевдопсихологиялық жалған ілімдер мен секталардың әсіре белсенділігі қатты алаңдатып отыр. Өздеріне жалған диплом жасатып, атағы жер жаратын «академиялардың», әлемдік «ұйымдардың» атынан сөз сөйлеп жүрген бақсы-құшнаштың, тренер-коучтердің шаралары саны күн санап артып барады. Қай бір сайтты, әлеуметтік  желіні ашып қалсаң болды, әлемнің барша құпиясын меңгерген, адамның жан дүниесінің бүкіл кілтін беліне байлаған мамансымақтар көпшілікпен кездесулер, курстар, семинарлар өткізіп жатады», — деді ол.

Депутаттың пікірінше, елімізде «Сюцай» деп аталатын курстар қаулап тарап жатыр.

«Бұл бағыт өзін «адамның ішкі әлеуетін ашатын сандық психология» деп таныстырғанымен, іс жүзінде ғылыми негізі жоқ, эзотерикалық және діни сипаттағы коммерциялық жобаға айналып отыр. Бүгінде «Сюцай» атауын жамылған топтар жабық форматтағы шаралар өткізіп, өз уағыздарын кеңінен таратып жүр», — деді ол.

Айдос Сарымның айтуынша, олардың басым бөлігі — лицензиясыз, сертификатсыз, тіркелмеген тұлғалар.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.