Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақкенженовтің айтуынша, кірістің өсуі мұнай бағасының қалай бекітілетініне байланысты болады.

«Егер танкерлер қазір тиеліп жатса немесе жақында тиелген болса, Қазақстан, әрине, баға мен түсім жағынан оң динамиканы көреді. Бірақ баға 20–30 күннен кейін бекітілсе, мұндай әсер болмауы мүмкін, өйткені мұнай бағасын белгілі бір күннің айналасында белгілеу бойынша арнайы ереже бар», — деді министр мәжіліс кулуарында.

Қазақстан бюджетіне қатысты қазынаға қанша қосымша қаражат түсетіні жөнінде әзірге нақты болжам жоқ.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.