Мұнай саласындағы дау: шетелдік инвесторлар неге шағымданды?

            Қазақстандағы мұнай-газ жобасына қаржы құйған қытайлық инвесторлар алаяқтарға тап болғанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінді. Олардың айтуынша, мұның салдарынан компания 20 миллион доллардан аса қаржылай шығынға ұшыраған.

         Істің мәнжайы

            2 шілдеде Asia Power Development Limited (APD) компаниясының өкілдері мен осы іс бойынша заңгер Айдар Медеев және адвокат Дмитрий Мун ұстанымдарын білдірді.

            Олардың айтуынша, 2023 жылы «Тарбағатай Мұнай» компаниясы Сарыбұлақ кен орнын бірлесіп игеру жобасына инвестиция құюды ұсынып, жер қойнауын барлауға жарамды лицензиясы бар екенін жеткізген. Бұл мәліметке сенген инвесторлар тараптар арасында келісім жасап, жобаға қомақты қаражат салған. Олардың сөзінше, жоба толық жүзеге асқан жағдайда инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларына дейін жетуге тиіс еді.

            Алайда кейін құжаттарды қайта қарап шыққан инвесторлар барлау лицензиясының мерзімі келісім жасалған кезде-ақ аяқталғанын анықтаған. Заңгер Айдар Медеевтің айтуынша, бұл даудың мәні келісімшарттың орындалмауында емес, инвесторларға жобаның құқықтық мәртебесі туралы дұрыс ақпарат берілмегенінде.

         Заңгерлер не дейді?

            «Сарыбұлақ кен орнында барлау жұмыстарын жүргізуге берілген лицензияның мерзімі 2023 жылғы 5 наурызда аяқталған. Кейін «Тарбағатай Мұнай» компаниясы Энергетика министрлігіне лицензияны ұзартуды сұрап жүгінгенімен, бұл өтініш қолдау таппаған. Алайда өндіру кезеңіне өтпес бұрын кен орнын толық барлау жүргізіліп, қор көлемі нақтылануы қажет. Бізді таңғалдырғаны – тараптар арасындағы келісімшарт 2023 жылғы 9 наурызда, яғни барлау лицензиясының мерзімі аяқталғаннан кейін төрт күн өткен соң жасалған. Соған қарамастан қытайлық компания жобаны бастау үшін 4 миллион АҚШ долларын кепілдік төлем ретінде аударып, бұрғылау жұмыстарын жүргізетін мердігерлерді тартып, қажет жабдықтарды жеткізген. Тек 2025 жылы жарияланған мақаладан кейін инвесторлар барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың жоқ екенін білген. Сол кезде «Тарбағатай Мұнай» компаниясы бұл мәселе жақын арада шешілетінін айтып сендірген», – деді заңгер.

            Адвокаттың айтуынша, кейін лицензияның қолданыс мерзіміне қатысты нақты ақпарат алу үшін Энергетика министрлігіне ресми сауал жолданған. Министрлік өз жауабында барлау лицензиясының мерзімі аяқталғанын растаған.

            20 миллион долларлық шығын

Инвесторлардың мәліметінше, жоба аясында екі ұңғыма бұрғыланған. Жалпы инвестиция көлемі 20 миллион АҚШ долларынан асқан. Бұл қаражат кепілдік төлемдеріне, бұрғылау жұмыстарына, жобалау, технологиялық шешімдер әзірлеуге және қажетт жабдықтарды сатып алуға жұмсалған.

            Адвокат Дмитрий Мунның айтуынша, компания Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына және инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға арыз жолдаған. Онда істі аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тіркеп, жан-жақты тергеу жүргізу сұралған.

         Инвесторлардың талабы қандай?

            Инвесторлардың пікірінше, бұл жағдай олардың компаниясына ғана емес, Қазақстанның инвестициялық беделіне де кері әсер етуі мүмкін. Олар мұндай даудың заң аясында ашық әрі әділ қаралуы шетелдік инвесторлардың елге деген сенімін сақтауға ықпал ететінін айтты.

            Айта кетейік, мақалада келтірілген мәліметтер компания өкілдерінің ұсынған ақпаратына негізделген. Редакция «Тарбағатай Мұнай» компаниясы мен Энергетика министрлігіне ресми сауал жолдады.

            Материал жарияланған сәтке дейін компания мен ведомстводан жауап келмеді.

Ко Дню Астаны в учреждении средней безопасности области Абай состоялась выставка изделий осужденных

В учреждении средней безопасности, приуроченная ко Дню Астаны, состоялась...

Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени іс-шара өтті

2026 жылғы 5 шілдеде Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...