Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – ақынның әдеби мұрасын ғана емес, оның ана тілін азаматтық ұстанымын қайта зерделеуге себеп болатын маңызды кезең.
Мұқағали Мақатаев үшін тіл — тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың жаны мен рухының өзегі болды. Ақын ана тілін халықтың тағдырымен, оның тарихи жадымен тікелей байланыстырды. Сондықтан оның өлеңдерінде тіл мәселесі әрдайым азаматтық ұстаным деңгейінде көтерілді.
Ақын қазақ тілін ар мен намыстың өлшемі деп білді. Ол тілді құрметтеу — ұлтты құрметтеу, ал тілге немқұрайды қарау — халыққа жасалған қиянат деп түсінді. Мұқағали үшін тіл жоғалса, ұлттық болмыс та жойылады.
«Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте…»
Бұл жолдарда ақын тіл мен жеке адамның жауапкершілігін тікелей байланыстырады. Яғни тіл — тек мемлекеттік немесе қоғамдық мәселе емес, әр азаматтың жеке парызы.
Мұқағали Мақатаев поэзиясында қазақ тілі — шынайы, таза, жасандылықтан ада тіл. Ол өлеңді халықтың күнделікті сөйлеу тілімен жақындатып, қазақ тілінің байлығын, икемділігін, терең мағынасын көрсетті.
Ақын үшін тіл — тірі организм, оны сақтау үшін заңнан бұрын саналы көзқарас қажет.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесі, оның қолданылу аясы туралы пікірталастар жүріп жатқанда, Мұқағали айтқан ойлар өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның тіл туралы көзқарасы — құқықтық нормалармен бекітілетін талаптан гөрі, рухани міндетке жақын.
Мұқағали Мақатаевтың тілге қатысты мұрасы қазақ қоғамына бір ғана ойды ұқтырады:
Тілді сақтау — ұлтты сақтау.
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісінің басшысы А.А.Каримолдаева


