12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мұқағали Мақатаев – халықтың мұзбалақ ақыны

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 9 ақпан 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Оның шын аты негізі Мұхаммедқали екені дереккөздерде жазылған. Бірақ оны туғандары еркелетіп Мұқағали деп атап кеткен.

Мұқағали – үйдің тұңғышы, әкесі қарапайым шаруа болған. 1941 жылы әкесі Калининград майданында қаза тапқан. Осылайша 10 жастағы Мұқағали әкесіз қалып, соғыс ауыртпалығын бала кезінен сезінген.

Мұқағали болашақ жарын алғаш көргенде 17 жаста болған. Сөйтіп, ақын махаббаты лашынмен қосылып, 1949 жылы екеуі отау құрған. Мұқағали мен Лашын өмірге алты бала әкеледі. Бірақ екі үлкен қызы ерте қайтыс болған. Кейін Жұлдыз, Алмагүл, Айбар және Шолпан есімді балалары дүниеге келеді.

Халықта ақын Мұқағали Мақатаевты халық арасында «қазақтың мұзбалақ ақыны» деп те атайды. Жалпы мұзбалақ деп бес жастағы бүркітті атаған.

Жалпы қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай бес түрге бөлген екен. Соның бесінші саны – бітімі зор, көзі шүңгіл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек ақиық, жүнінің ұшында ақ бұршағы бар құсты құсбегілер Алтайдың ақиығы деп атайды. Мұндай құстар, көбіне қоңыр аңдарға құмар келеді. Тау ешкі, қара құйық, елік сияқты аңдарды ұстап жейді. Бұл нағыз мұзбалақ қыран. Яғни мұзбалақ сөзі бүркіт пен қыран құсқа байланысты қолданылады.

Негізі мұзбалақ құс – ертеден кешке дейін алысса да жалықпайтын, аңды көргенде өлермедене жанып түсетін, өжеттігі мен қайраты бойында, талабй мен бақыты маңдайына қатар біткен, қырып сал қыран.

Ақын шығармашылығында, өлеңдерінде қыран құсты шарықтатып, шабыттана түсетіні байқалады.

Қаламгер Мұқағалидың поэзия көгінде самғай, қанаты талмай халқынан еншіленген бағасыз бір сыйы болса, ол басқа ешкімге бұйырмаған, бұйырмайтын осыбір теңдессіз теңеулер ғана.

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мысалға келтіруге болады.

Ең бірінші бақытым –халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймыш,

Қымбаттырақ алтынан нарқым менің.

Ал екінші бақытым –тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер едім !

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мақатаев өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?!

Негізінен Мақатаевтың шығармалары мерзімді басылымда жарық көрген. 1948 жылы оның алғашқы өлеңі «Советская граница» газетінде жарық көрді. Одан кейін тек 1951 жылы Мұқағали басқа жас авторлармен бірге «Жастар жыры» атты жинақта жарық көрген екен. Алғашқы нағыз атақ ақынға 1962 жылы «Аппассионата» жарияланғаннан кейін келеді. Тағы екі жылдан кейін «Ильич» поэмасы шығады. Сонымен қатар, соғыстың ауыр жылдарында балаларға деген жанашырлықпен жазылған ақынның өзінің алғашқы кітабын шығаруды ұзақ күтті. Жазушының өмірінде барлығы бес поэтикалық жинақ шықты. Олар оқырмандармен жылы лебізбен кездестірілді.

Оқырмандардың аяулы да ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев 45 жыл ішінде көптеген көрнекті шығармалар жазды. Ол Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты деп білемін. Оның таланты өмірден озғаннан кейін ғана танылды, бірақ оның өлеңдері мәңгілік есімізде қалады.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық

істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Әлібек Ахметов

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Ата заң жобасына ұсынылған жаңа маңызды толықтырулармен таныстырды

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы...

Конституционные реформы и приоритет прав человека: новый этап развития адвокатуры

Современный этап развития государства характеризуется последовательным укреплением принципов верховенства...