Мұғалімдерге жаңа талап: ЖИ факультеттері ашылады 

Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, ҚР ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.

Отырыс барысында Аида Балаева білім беру – бұл әрбір адам үшін де, қоғам үшін де өте маңызды бағыт екенін айтты. Жаңа Конституция жобасында білім саласының мәні айқындалып, маңызды құндылық ретінде көрініс тапқанын атап өтті. 

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын тілге тиек етті. Бұл құжат елдегі әрбір баланы қамтып, қауіпсіздікке, сапалы білімге, денсаулыққа, отбасыға және әлеуметтік қорғауға қатысты негізгі мемлекеттік шараларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.

Жиында білім беру саласындағы жетістіктер де аталды. Қазақстан әлемдегі халық санына шаққанда оқушылар саны ең көп 10 елдің қатарына енген. Сонымен қатар алқа отырысында саладағы өзекті мәселелер туралы да сөз қозғалды. 

Осы орайда Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Мектеп оқулықтарына талдау жүргізіп, оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сай әзірлеу керектігін және педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. 

Аида Балаеваның пікірінше, басты назарды балаларға аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру – басты міндет.

Жиында педагогтерді ЖИ технологиялары саласында даярлау мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалды. Осыған байланысты барлық профильді педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттерін ашу тапсырылды.

Бұдан бөлек, вице-премьер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін де қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Атап айтсақ, қаржыландыру тетігін жетілдіру, еңбек нарығын жүйелі зерттеу және дуальды оқыту үлгісін енгізу бойынша бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

Алқа отырысында инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министрдің орынбасары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалу керектігін ерекше атап өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында бейінді кафедралар ашу, инклюзия бойынша міндетті пәндерді енгізу және педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Оқу-ағарту министрлігіне қолданыстағы оқулықтарды іріктеу тәсілдерін шұғыл түрде қайта қарап, оларды әзірлеу мен сараптау сапасын арттыруды міндет етті.

Аида Балаева тәрбие және идеологиялық жұмысты күшейту мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент бекіткен Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтарына негізделуі тиіс екені атап өтілді.

Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Оқу-ағарту министрі былтырғы ведомство қызметінің қорытындыларына тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды таныстырды.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.