Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алғашқы сессия 23-24 қыркүйекте өтеді. Оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес шақырды.

Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның мәртебесі Конституцияда бекітіліп, жұмыс тәртібі арнайы Конституциялық заңмен айқындалған.

Кеңес құрамы Президенттің 22 қыркүйектегі жарлығымен бекітілді. Барлығы оның құрамына 126 адам кірді. Заңға сәйкес орындар үш топ арасында тең бөлінеді: этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдардың 42 өкілі және өңірлер, Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің 42 өкілі. Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.

Олардың қатарында бұрынғы депутаттар Ермұрат Бапи, Еділ Жаңбыршин және Нұртай Сабильянов, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Муталип, Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының мүшесі Андрей Лаврентьев, сондай-ақ түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар.

Еске салайық, кеше елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.