Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Бос рюкзактың салмағы бастауыш сынып оқушысы үшін 700 грамнан, жоғары сынып оқушысы үшін 1 келіден аспауы керек. Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, балаға рюкзак таңдағанда оның салмағы мен балаға ыңғайлылығын ескеру қажет. Мектепке дайындық кезінде неге назар аудару керек? BAQ.KZ тілшісі сұрап көрді.

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн. Мысалы, салмағы 30 келі оқушының рюкзагы 3 келіден ауыр болмауы тиіс.

Рюкзактың арқа бөлігі қатты, иықбаулары кең әрі жұмсақ болғаны дұрыс. Баулардың ұзындығы баланың бойына қарай реттелуі керек. Сондай-ақ сөмкенің алдыңғы және бүйір жақтарындағы жарық шағылыстыратын элементтерге назар аудару қажет, — деді Мұхамғали Арыспаев.

Департамент ұсынған мәліметке сәйкес, рюкзактың өзін есептемегендегі күнделікті оқулықтар мен кеңсе заттарының салмағы 1-3 сыныптарда 2 келіден, 4-5 сыныптарда 2,5 келіден, 6-7 сыныптарда 3,5 келіден, 8-11 сыныптарда 4,5 келіден аспауы керек.

Мектеп формасы мен аяқкиімді қалай таңдау керек?

Мұхамғали Арыспаев киім сатып аларда алдымен затбелгісін қарауға кеңес берді. Онда матаның құрамы, өндіруші туралы мәлімет пен күтім жасау тәртібі көрсетілуі тиіс. Киімнің ЕАЭО нарығындағы айналым белгісіне де назар аударған жөн.

Маманның сөзінше, мектеп формасы баланың қозғалысын шектемеуі және денесін қыспауы керек. Матасының ауа өткізетін әрі ылғалды сіңіретін болғаны маңызды. Киімнен өткір химиялық иіс шықпауы, бояуы теріге жұқпауы тиіс. Түйме, ілгек және сыдырма сияқты бөлшектері баланы жарақаттамауы қажет.

Әсіресе рюкзак пен аяқкиімді балаға дәл келетін өлшемде таңдаған дұрыс. Оларды «өскенде киеді» деп үлкен өлшемде алу ыңғайсыздық туғызуы мүмкін, — деді ол.

Кеңсе тауарларында не маңызды?

Ал дәптер таңдағанда парағының түсі мен сызықтарына назар аударуды ұсынады. Парақ сүттей ақ немесе ашық кілегей түсті, ал торлары мен жолдары анық, бірақ тым қою болмауы керек.

Қалам, қарындаш, бояу және пластилиннен өткір химиялық иіс шықпауы тиіс. Олардың бояуы қолға жұқпағаны жөн. Бастауыш сынып оқушыларына үшбұрышты қаламдар мен қарындаштар ұсынылады: мұндай пішін жазу құралын ұстауға ыңғайлы.

Өнімнің сапасына күмән туса, сатушыдан сәйкестігін растайтын құжатты сұрауға болады. Оқу құралдары мен киімді ресми сауда орындарынан алып, таңбалауын тексеру қажет, — деді Мұхамғали Арыспаев.

«Бастауыш сынып оқушысы тәулігіне 9-10 сағат ұйықтауы керек»

Мектепке психологиялық және физикалық дайындық та керек. Департамент оқу жылы басталардан екі-үш апта бұрын баланы ертерек ұйықтатып, мектепке баратын уақытында оятуға кеңес береді. Бастауыш сынып оқушысының тәулігіне кемінде 9-10 сағат ұйықтауы маңызды.

Үй тапсырмасын орындайтын үстел мен орындық баланың бойына сәйкес келуі тиіс. Жарық оң қолмен жазатын балаға сол жақтан, солақай балаға оң жақтан түскені дұрыс, — дейді департамент басшысы.

Балаға өздігінен киінуді, оқу құралдарын сөмкесіне жинауды және тамақтанар алдында, дәретханадан кейін қолын сабынмен жууды алдын ала үйреткен жөн.

Егер өнімнің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні анықталса, оны сатуды тоқтату және айналымнан алу шаралары қабылданады. Кейін өнімнің жағдайына қарай жеткізушіге қайтару, кәдеге жарату немесе жою мәселесі шешіледі, — деді Мұхамғали Арыспаев.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.