Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік хатшы құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін атап өтті. Ал жаңа консультатив-кеңесші орган құрамына депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ, өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.

«Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі — қоғамдық нығайтуды одан әрі дамыту бойынша идеялар дайындау», — деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан еді. 

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...