12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұлттық қордың активтері миллиард долларға төмендеген

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстанның Ұлттық қорының валюталық активтері жыл басынан бері миллиард долларға төмендеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабековаға сілтеме жасап.

«Қаңтардың соңындағы алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері жыл басынан бері бір миллиард долларға төмендеп, 57,7 миллиард долларды көрсетті. Ұлттық қор көлемінің төмендеуінің негізгі себебі бюджетке трансферттер бөлу болды, олардың көлемі 381 миллиард теңге, бұл 900 миллион долларға тең», — деп хабарлады Молдабекова.

Оның айтуынша, валюта нарығында 720 миллион доллар сатылды, бұл шамамен 300 миллиард теңгеге, ал трансферттердің қалған бөлігі теңгелік шоттағы қалдықтар есебінен жүзеге асырылды, олар негізінен 2020 жылдың соңғы екі айында Ұлттық қорға түскен түсімдер есебінен қалыптасқан.

«Қаңтардың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі минус 340 миллион долларды немесе минус 0,6 пайызды көрсетті. Оның ішінде шамамен 150 миллион доллар акциялар портфелін төмендетуге және 140 миллион доллар дамыған елдердің облигациялар портфелін төмендетуге тиесілі», — деп түсіндірді Молдабекова.

Оның айтуынша, негізгі себептер қаңтарда MSCI World дамыған елдердің жаһандық акциялар индексінің бір пайызға төмендеуі мен дамыған елдердің облигациялар индексі бойынша кірістің минус 0,43 пайызды көрсетуі болды.

Алайда ақпанның басында акциялар нарығы қалпына келе бастағаны байқалады және ақпанның алғашқы бес күнінде ұлттық қордың инвестициялық кірісі 440 миллион долларға жетіп, қаңтардағы құлдырауды жеңді.

Маулен Ашимбаев: культура диалога и согласия — ключ к преодолению глобальных вызовов

Каждая страна должна чувствовать ответственность и вносить свой вклад...

Мәулен Әшімбаев: Диалог пен келісім мәдениеті – жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің кілті

Әрбір мемлекет тұрақтылықты нығайтуға жауапкершілікпен қарап, диалог пен келісім...

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана...

БҮГІН – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бесінші қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі тойланады. Бұл айтулы...

Qaitadan – апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм

4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Dala Cinema» киностудиясы ұсынған әлеуметтік-драма жанрындағы Qaitadan фильмі жарыққа...