Ұлттық қордың ақшасы сотталғандар мен шетелдегі мәдени шараларға жұмсалған – депутат

Сенат депутаты Сергей Карплюк былтыр Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферт заңмен тыйым салынған шараларға жұмсалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды.

Депутат Сергей Карплюк Ұлттық қордан бөлінетін қаржының заңға қайшы жұмсалып жатқанын атап өтті.

Айтуынша, 2021 жылы Ұлттық қордан бағытталған мақсатты трансферттің 55,7%-і Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың заңнамалық шектеуіне сәйкес келмеген.

«Мәселен, Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансфертті сотталғандарды ұстауға – 2,3 млрд теңге, мәдениет нысандарын салу мен жөндеуге – 315 млн теңге (оның тек 10 пайызы ғана игерілген), әлеуметтік-маңызы бар және мәдени шараларға, соның ішінде шет елдерде мәдениет күндерін өткізуге – 2,5 млрд теңге бағытталғаны туралы фактілер кездеседі», — деді Карплюк.

Яғни, сенатордың сөзінше, «Ұлттық қордан ақша алатынымыз аздай, оны заңға қайшы пайдаланамыз». «Тиісінше Ұлттық қор өзінің негізгі жинақтаушы функциясын орындамай, дәстүрлі тұтыну режимінде тұр», — деді ол.

Бұдан бөлек, Карплюк пайдаланылмаған қаржыны Ұлттық қорға қайтару жұмысы да әлсіз екенін мәлімдеді.

Айтуынша, 2015-2021 жылдары аралығында пайдаланылмаған және Ұлттық қорға қайтарылмаған қаржы сомасы 72,3 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша – 60 млрд теңгеге жуық.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...