Ұлттық қордан бюджетке қанша қаражат бөлу жоспарланып отыр?

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы құжат жобасын мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл құжат еліміздің Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 2023 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің көлемін 2 200 миллиард теңге, 2024 жылға — 2 000 миллиард теңге, 2025 жылға — 1 900 миллиард теңге сомасында бекітеді.

«Ол сондай-ақ мұнайдың кесімді бағасын мына көлемде анықтайды: 2023 жылы — барреліне 48,9 АҚШ доллары, 2024 жылы — барреліне 42,2 АҚШ доллары, 2025 жылы — барреліне 40,3 АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсімдер 2023 жылы — 2 251,6 миллиард теңге, 2 026,6 миллиард теңге және 2024 және 2025 жылдары 1 956,8 миллиард теңге болады деп болжанып отыр», — деді мәжілісмен Марат Құсайынов.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...