Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жүргізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық кеңес құрамына Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рысты, қаржы қызметкері Расул Рысмамбетов кірді.

Ротация аясында кеңес құрамынан Александр Данилов, Лаура Демесінова, Абылай Мырзахметов, Асқар Омаров шығарылды.

«Құрылған сәттен бастап ұлттық кеңес құрамы жартылай жаңарды. Оның жұмысына 20-дан аса жаңа сарапшылар мен азаматтық белсенділер тартылды. Қазір ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізіліп жатыр», — деді Берік Уәли.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...