Ұлттық музей басшылығы қаражат жымқырды деген күдікке ілінді — Антикор

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, шарттың жалпы сомасы — 1,2 миллиард теңге.

«Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеді», — дейді ведомство өкілдері.

ОПМ «Правопорядок»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

В поддержку детей с инвалидностью 

В СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАЧИНАЕТСЯ АПРОБАЦИЯ ОБНОВЛЕННОЙ МОДЕЛИ СОПРОВОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ...

От видеоконтроля до прогнозного ИИ 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРОВЕРИЛ, КАК ВЫПОЛНЯЮТСЯ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ПО ЦИФРОВОЙ...

ОДИН ДЕНЬ ПОЛИЦЕЙСКОГО: 10 ЛЕТ СЛУЖБЫ, ПОСВЯЩЁННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ

Каждый рабочий день инспектора службы батальона патрульной полиции Департамента...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: 10 ЖЫЛ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция батальонының қызмет...