12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ломбардтағы қарыз банктік несиеге кедергі бола ма?

Қазақстанда әрбір екінші адамның мойнында несие бар. Халық екінші деңгейлі банктердің және микроқаржылық ұйымдардың қызметіне жиі жүгінеді. Дегенмен осы тұста микроқаржылық ұйымдардың қатарына кіретін ломбардтан алған несие, несие тарихына әсер ете ме? Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берді, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге тікелей кедергі келтірмейді. Бірақ ол несие мақұлдануына әсер етуі мүмкін. Өйткені банктер қарыз алушының барлық қаржылық міндеттемелерін, оның ішінде ломбард алдындағы қарызды да ескереді.

Банктер қарызды қалай бағалайды?

Несие рәсімдеу кезінде банк қарыз алушының қаржылық жағдайын толық тексеріп, жалпы қарыз жүктемесін анықтайды. Бұл есепке мыналар кіреді:

  • Несиелер;
  • Алименттер;
  • Айыппұлдар;
  • Ломбардтағы қарыздар.

Егер қарыз алушы төлем қабілеттілігін дәлелдеп, барлық ағымдағы қарыздарын өтесе, несие мақұлдану ықтималдығы артады. Алайда өтелмеген немесе мерзімі өткен берешектер мақұлдану мүмкіндігін азайтады.

Ломбард ақпараттары несие тарихына қалай енеді?

Қазақстандағы ломбардтар микрокредиттер туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге міндетті. Бұл деректер несие тарихының бөлігі ретінде қарыз алушының есептерінде көрсетіледі. Сондықтан ломбардтағы қарыздың болуы несие беруші тарапынан ескерусіз қалмайды.

Ломбард кепілдегі мүлікті мерзімі өтсе де сақтауға міндетті ме?

Егер ломбард алдындағы қарыздың төлем мерзімі өтсе, ломбард кепілдегі мүлікті 30 күн сақтауға міндетті. Осы уақыттан кейін затты сату арқылы қарызды жабуға құқылы. Кепіл затын сату немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру арқылы қарыз міндеттемелері толық тоқтатылады. Бұл рәсім:

  • Затты сату актісі;
  • Ломбардтың меншікке алу шешімі;
  • Қарыз өтелгені туралы анықтама арқылы расталады.

Несие тарихындағы қателерді қалай түзетуге болады?

Егер несие есебінде қате ақпарат анықталса, қарыз алушы ломбардқа немесе кредиттік бюроға шағымдана алады. Шағымда мыналар көрсетілуі тиіс:

  • Қарыз алушының жеке деректері;
  • Қате деректер туралы дәлелдер;
  • Қарыздың өтелгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Шағымды қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Егер ақпараттың бұрмаланғаны расталса, несие беруші 10 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға түзетілген мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека алуға тікелей кедергі келтірмесе де, оның мақұлдану мүмкіндігіне әсер етеді. Сондықтан қарыз алушы өз төлем қабілеттілігін бақылап, несие тарихының дұрыстығын қадағалауы қажет.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,