Әлішер Әбдіқадыров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша 26 ақпанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әлішер Әбдіқадыров тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің түлегі, экономика магистрі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2017 жылы).

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялық қызмет департаменті инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы қызметінен бастаған. 

2010-2013 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің бас сарапшысы, инвестициялық жобалар басқармасының басшысы, Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

Кейінгі жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы (2015-2016 жылдары), Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жж.) болып жұмыс істеді.

2019 жылы QazIndustry қазақстандық индустрия және экспортты дамыту институты АҚ Басқарма төрағасы болды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Салауатты өмір салтына бірге: сотталғандар жолдастық ойын өткізді

Семей қаласындағы футбол алаңында Абай облысы бойынша қауіпсіздігі барынша...

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...