«Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өтті

«Жүз жыл өмір сүрсең, жүз жыл оқы» деген даналық қағида бар. Бұл бүгінгі ақпарат тасқынында, дүние қас-қағым сәтте сан өзгеріске түсіп,технология секундтар ішінде жетіліп үлгеріп жатқан дәуірде өте қажет. Расы керек, осынау үрдісте алымдылық танытып,жылдам ілесуде қашан да біз үлкендер кенжелеп қаламыз.»Ақыл жастан» деп мұндайда алғыр да зерек,саналы кейінгі буынның көмегіне ділгірміз.

Жалпы журналистика өмірбақи ізденісті қажет етеді.Ақпарат алудан бастап,оның дәлдігіне,ақиқаттығына көз жеткізу бүгінде оңай әрі қиын. Оңайлығы олардың көздері көп болса,қиындығы сол көздердің артында әр түрлі пиғылдағы күштердің тұрғаны. Арандап қалып,от басуың демде. Бұл орайда өзің ғана емес, сөзіңді оқып,тыңдап отырған қалың бұқараны шатастырасың. Сондықтан журналист сөзінің шындыққа құрылуы өте маңызды.

Бұл әрине, білім,білік,тәжірибенің сыртында ақпарат айдынындағы жаңа бағыттарды,тың тәсілдерді игеруді қажет етеді.Белгілі журналист Нәзия Жоямергенқызы жетекшілік ететін Түркі тілдес журналистер қоры осы тұрғыда журналистерге қажет көптеген игі істерді қарқынды жүргізуде.

Өткен бейсенбі- жұма күндері қор тағы да журналистерді Астана қаласында жинап, «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді. Қор төрағасы Назия Жоямергеннің өзі модераторлық еткен бұл шарада журналистер қазіргі таңдағы журналистика үшін өзекті мәселелер бойынша дәріс тыңдады,шеберлік сабақтарынан өтті.Атап айтқанда «Пропаганда және ақпараттық манипулация»,»Фактчекиң және журналистік зерттеу»,»Ақпаратты талдау: манипулация,пропаганда мен кликбейтті анықтау» сынды маңызды тақырыптар бойынша кең ауқымда мағлұмат берілді,нақты әдіс-тәсілдер игертілді. Медиатренерлер британдық маман Ватан Өз бен белгілі журналист Халима Тәжіқұл болды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс.

Әсіресе, бір өзі отандық журналистердің білім-білігін жетілдіруде,бірлігін нығайтуда, жастарды тәрбиелеп,ардагерлерді ұлықтауда министрліктің жұмысына тең жұмыс атқарып жүрген Түркітілдес журналистер қорының төрағасы Назия Жоямерген сіңілімізге зор тағзым. Еңбегі жана берсін!

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...