Әлеуметтік –құқықтық көмек

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметінің есебінде ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша «А» бас бостандығын шектеуге сотталған, мас күйінде жасаған, бас бостандығын шектеуге 3 жыл 6 айға сотталған.

Сотталған алкоголизмнің ұзаққа созылған кезеңі жақсылыққа әкелмейді деген қорытынды жасап, алкоголизмді емдеу курсынан өз еркімен өтуге ниет білдірді. «А» сотталған СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметіне Петропавл қаласының «психикалық денсаулық орталығына» орналастыруға көмек көрсету үшін жүгінді. Одан кейін пробация қызметі сотталғанға «психикалық денсаулық орталығына» орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауға дереу көмек көрсетті, атап айтқанда аудандық емханада тексеруден өтуге көмек көрсетті.

  • Мен бір ай бойы алкоголизммен емделдім. Енді ішпеймін, бұл менің өмірімдегі жаңа бет, жаңа өмірдің бастауы, — деді сотталған А.

Тұрақты негізде Аққайың ауданының пробация қызметінің бөлімшесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың өмірін жақсарту және барлық жолдамалар бойынша жәрдем көрсету үшін барлық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторлары 10-нан астам сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсетті.

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторы

әділет аға лейтенанты Дархан Бекбулатов

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...